АТЫРАУДА ЖАНЖАЛДАСҚАН ЖҰБАЙЛАР АЙЫППҰЛ АРҚАЛАДЫ

screenshot 20220203 214311 Жаңалықтар

Отбасында жанжал шығарған ерлі-зайыптылар анықталды.

1 ақпан күні  сағат 22:30 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 арнасына 1959 ж.т., қала тұрғыны қоңырау шалып, баласы мен келінінің масаң күйде түнгі уақытта мазалап жатырғандығы жөнінде хабарлама берген.

Учаскелік полиция қызметкерлерімен тексеріс жұмыстарын жүргізу кезінде, Атырау қаласы Полиция басқармасының “Жайсыз отбасы” есебінде тұрған  1978 ж.т., азаматтың заңды некедегі жолдасы 1985 ж.т., азаматшамен бірге алкогольдік ішімдік ішіп, 2017 ж.т., жасөспірім қыздарының көзінше жанжал шығарғандығы анықталды. Наркологиялық сараптамадан өткізу кезінде олардың орта дәрежелі масаң күйде екендігі белгілі болды.

43 жастағы азамат пен 37 жастағы азамтшаға түнгі тыныштықтықты бұзғандары үшін ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабының 1 бөлігімен әкімшілік хаттама жасақталып, олардың әрқайсысына бес айлық есептік көрсеткіш  көлемінде айыппұл салынды.

Одан басқа, кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамағандары үшін ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1 бөлігімен әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ауданаралық сотына жолданды.

Сонымен қатар, оларға қатысты іс-құжаттар ата-ана құқығынан шектеу туралы ұсыныспен Атырау қаласы әкімияты жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына жолдау үшін жинақталуда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз