Дала академигі Мақсот Жолжановты еске алды
Жергілікті тарихшы, өлкетанушы Мақсот Құмарұлы тірі болса 90 жасқа толатын еді. Осыған орай Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-əмбебап кітапханасында Мақсот Құмарұлын еске алу кеші өтті.
Еске алу кешіне тарихшының інісі Ерқанат Жолжанов пен ұлы Марат Мақсотұлы қатысты.
Өз кезегінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қауымдастырылған профессоры Амангелді Шамғонов «Мақсот ағамыз ғылым жолына түсуіме себепші болған еді» деп еске алды. Оның айтуынша, М.Жолжанов Құрманғазытанушы болған.
Ал, Қазақстан Жазушылар жəне журналистер одағының мүшесі Өтепберген Əлімгереев «Мақсот Жолжановтың шығармашылығындағы топонимика тақырыбы» туралы əңгіме өрбітті.
Тағылымды шараға студенттер мен мектеп оқушылары қатысып, өлке тарихына байланысты мағлұматқа қанықты.
Майра ЕРҒАЛИ