Қаңтар айында іске қосылған еatyrau.kz порталы 16 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді
Жұмысын қаңтар айында бастаған порталға күні бүгінге дейін 100-ден астам өтінім электронды түрде берілген.
Әзірлеушілердің айтуынша, мұнайлы өлке тұрғындары құжатты, рұқсатты немесе мақұлдауды, әсіресе жер учаскесін немесе құрылысты алған кезде көп уақыт жұмсамайды.
— «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында цифрлық форматқа көшіру және автоматтандыру есебінен мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін қысқарту мақсатында Атырау қаласында Электрондық қызметтер мен сервистер порталы іске қосылды. Www.eatyrau.kz мекен-жайы бойынша орналасқан портал өтініш берушіге үйден немесе кеңседен шықпай қызмет алуға өтініш беруге мүмкіндік беріп қана қоймай, қаланың мемлекеттік органдары мен коммуналдық ұйымдары арасындағы келісу процесін толығымен автоматтандырады. Осылайша құжаттарды жіберу және олардың әрқайсысынан жауап күту уақыты қысқарады, — дейді eatyrau.kz порталын әзірлеуші Alora IT Solutions » ЖШС бас директоры Асқар Хабибуллин.
Еatyrau.kz порталы Атырау облысы Геопорталының кіші жүйесі болып табылады және жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласындағы онлайн қызметтері мен қызметтерін алуға және ұсынуға арналған.
Қазіргі таңда 16 мемлекеттік қызмет түрін көрсететін портал ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап Атырау облысының барлық аудандарын қамтиды деп күтілуде.
Толық ақпарат:
87122 316213
87122316214
8775 679 2447
8778 480 3193