Комадан шыққан жігіт о дүниеде не болып жатқанын айтты
Бір апта бойы комада жатқан жігіт мұндай халде болған кезінде не сезінетінін, о дүниеде не болып жатқанын айтып берді. Оның сөзінше, комадағы кезінде 10 жылдан астам уақыт бұрын қайтыс болған анасының даусын естіген.Бұл туралы жігіт Reddit сайтында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.
«Мен комада бір апта жаттым. Алайда маған бұл уақыт қас-қағым сәт сияқты болып көрінді. Тағы бір таңғаларлығы, ессіз жатқанымда, анамның әлдилеген даусын естідім. Ол менің балалық шағым туралы, жасаған әрекеттерім туралы айтты… Оның әр сөзі есімде», – дейді жас жігіт.
Айтуынша, анасы 2007 жылы қайтыс болған. Ол өлімінің алдында комаға түскен екен.
«Сол кезде оның қайтып оралмайтынын түсіндік. Ол комада жатқан уақытта оған қандай тамаша ана болғанын айттым. Оның ақтық демі үзілгенше сағаттап әңгіме айтатын едім. Ол мені естіді деп үміттенемін. Ол үшін үнемі жақсы ұл бола алмағаным үшін өкінемін», – дейді ол.
Өз сөзінде жігіт содан бері 10 жылдан аса уақыт өтсе де, әлі күнге дейін анасының қазасы жанына бататынын жасырмады. Ол мені үнемі қолдайтын еді, қатты сағынып жүрмін, дейді ол.
«Көбі оның қалай қайтыс болғанын сұрайтын. Анам қатерлі ісікпен 6 жыл күресті. Таңғы сағат 8-де әкем қоңырау шалып, анамынң күш-қуаты таусылғанын айтты. Әдетте ауруханаға жету үшін 40 минут қажет еді. Сол күні 20 минуттың ішінде жеттім. Бәріміз анам ұйқыға кеткенше онымен қоштасып үлгердік. Оның жанында кешкі сағат 8-ге дейін отырдым. Қаншама жыл бұрын болса да, әлі жаным ауырады», – дейді анасынан айырылған жігіт.