Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Зейіні зерек оқушылар шын мәнінде бәсекеге қабілетті келеді

Білімді ғана шыңға шығып,  жетістікке жететін бәсекеге қабілеттілердің заманында балаларымызды ерте жастан ілімге баулуды әдетке айналдырсақ қана олардың болашағына инвестиция құярымыз анық.

20170801095828666 big

Фото — www.qamshy.kz

 Жаһандану жағдайындағы қазіргі кезеңде балалар іздеген ақпараттың барлығы ғаламтор бетінде самсап тұр. Дегенмен де, бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайтыны сынды, ізгілік пен адами құндылықтарды ешқандай сайт баланың бойына дарыта алмайды.

Қазір әлем сәт санап өзгеріп жатыр. Осындайда оқушыларымды заман ағымынан қалдырмай тәрбиелеудің маңызы зор екендігін де түсінемін. Сондықтан, ата-ана  баланың зейінін ашуды әркез басты назарда ұстап отырса деймін.  

Әр бала жеке тұлға,  оның пікірін алдымен ата — анасы тыңдауы керек. Сонда ғана оқушы ортасында,  ұстаздарына өз ойын ашық жеткізе алады. Осыдан келіп айналаны тануға деген құштарлық баланың зеректігін тудырады.  

Ендеше, балаңызды әлеуметтік желі емес, тұтас отбасы болып тәрбиелеуге назар аударғаныңыз жөн.

Салтанат САЛМАНОВА,

№ 32 орта мектеп мұғалімі. Атырау қаласы.


Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button