Жарнама
Жаңалықтар

Жастар арасындағы қылмыс өршіп тұр

Жастардың қатысуымен жасалатын қылмыстардың саны азаймай тұр. Өткен жылдың өзінде қылмыс саны 1 483-ті құрап, оның ішінде 141-і 14-17 және 1 342-сі 18-29 жас аралығындағы жастардың қатысуымен тіркелген. Алаңдатарлық жайттың бірі – жастар арасындағы суицид мәселесі болып отыр. Былтыр осындай 40-қа тарта факт орын алған. Осынша әрекеттің төрттен бірінен астамының соңы өкінішті оқиғамен аяқталған. Бұл туралы Индер ауданына жұмыс сапары аясында аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен өткен көшпелі мәжілісте айтылды.

yilmyis

Атырау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Роллан Құспановтың баяндауынша, аймақтағы  14-29 жас аралығындағы жастардың саны 147 мыңға жуықтады. Олардың 49,7 % -ы ауылда тұрады.  «Жұмыссыз жастардың үлес салмағы 2,4%. Еш жерде жұмыс жасамайтын, оқымайтын және білім деңгейін көтермейтін жастардың  үлесі 6,7% — ға тұрақтап отыр. Жастарға әлеуметтік қолдау көрсету бағытында «Жас Отау» мемлекеттік бағдарламасымен 2014 жылдан бері 210 жас отбасы тұрғын үймен қамтылды. Мұның сыртында «Жасыл ел» бағдарламасы аясында «Көгалдандыру», «Педагогика» және «Археология» бағыттарымен жоспарлы жұмыстар жасалынды» деп атап өтті спикер Роллан Құспанов.

            Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы қордаланған проблемаларды оңтайлы шешу мақсатындағы ұтымды ұсыныстарды қолдауға әрдайым әзір екендігін мәлімдеді.

Дәулетқали АРУЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button