ШҰҒЫЛ! Ғалымдар коронавирус жұқтырудан қорғанудың жолын тапты

0 2 COVID-19: Соңғы поштадан...

atr.kz/7 қыркүйек, 2020 жыл. Ғалымдар нанодененің жасалу жолын қарапайым деп түсіндіріп, адамдардың қолдануына бейімделу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Ғалымдар коронавирус инфекциясының жасушаға енуіне тосқауыл қоя алатын наноденелер ойлап тапты. Зерттеу нәтижелері Nature Communications журналында жарияланды, деп хабарлайды РИА Новости.

Швециядағы Каролинск университетінің мамандары альпака жануарына тікенді ақуыз салған, оның көмегімен коронавирус ағзаның жасушаларына енеді. Ал 60 күннен кейін жануардың қан үлгісін зерттеу нәтижесі күшті иммундық жүйе қалыптасқанын көрсеткен. Содан соң ғалымдар жануардың В-лимфоциттерінен тұратын наноденелердің тізбегін клондап, зерттейді.

Нәтижесінде, ғалымдар Ty1 наноденелері ACE2 рецепторымен байланысқанда оның тікенді ақуыз бөліктеріне жабысатынын және тиімділігі жоғарылаған кезде вирустың дене жасушаларына енуіне жол бермейтін түрін анықтады.

Айта кетейік, жаңа табылған наноденелер әдеттегі антиденелерге қарағанда көлемі жағынан әлдеқайда кіші. Солай десек те, ғалымдар оның жасалу жолын қарапайым деп түсіндіріп, адамдардың қолдануына бейімделу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз