ЖаңалықтарЭкономика
Еліміз ірі қараның өңделмеген терісін экспортқа шығаруға тыйым салғалы жатыр
Оның мерзімі әзірге жарты жыл деп көрсетілген. Үкімет басшысының Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына берген жауабында мәселенің маңыздылығы айтылыпты.
«Ірі қара малдың өңделмеген терісін Қазақстан Республикасы аумағынан шығаруға 6 айға шектеу қою мәселесі Сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қолдауына ие болды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осыған орай бұйрық жобасын әзірлеп, ол мүдделі мемлекеттік органдармен келісу сатысында тұр», — делінген Үкімет басшысының жауабында.
Премьер-Министр осы мәселеге қатысты шешімді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мәжіліс депутаттарына қосымша хабарлайтындығын атап өтті.
Бек АЙДАРӘЛИ.