Жаңалықтар
Елімізде бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақыны төлеу мерзімі ұлғаюы мүмкін
«Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді» деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі декреттік демалыста отырған әйелдерге жәрдемақы төлеу мерзімін ұлғайту туралы мәселені бірнеше рет көтерген болатын. Белгілі бір есептеулермен республикалық бюджеттік комиссияға өтінім бердік. Тағы да қайталап айтамын, бүгінгі таңда барлық ұсыныс пен жаңашылдық елдің экономикалық мүмкіндіктеріне тәуелді. Әзірге бұған қатысты оң жауап болған жоқ. Қазір тағы да негіздеп, өтінім береміз», — деді вице министр Светлана Жақыпова.