Головкин кіммен бокстасатынын өзі шешеді

20190131100950 Жаңалықтар

– Қазақстандық орта салмақтағы боксшысы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес Дүниежүзілік бокс кеңесі мен өзге ұйымдар бұрынғы чемпионға өз талаптарын қоя алмайтындығы туралы айтты, деп жазады Sports.kz.

20190131100950

Бұған дейін WBC Головкинге әлемнің «уақытша» чемпионы Джермалл Чарломен жекпе-жекті санкциялаған болатын. Бұл айқастың жеңімпазы Сауль «Канело» Альварестің толыққанды чемпиондық белдігіне міндетті үміткер болуы тиіс еді. «Біз Геннадийдің мүддесі үшін не маңызды екенін ескеріп отырмыз. Головкиннің кіммен жұдырықтасатынын ешкім, ешқандай ұйым анықтамайды. Ол бағытын таңдаған кезде, кіммен бокстасатынын өзі шешетін болады. GGG шешім қабылдап, баспасөз парақшасын шығарған кезде ғана кеңес құрамыз», – деді Санчес Worldboxingnews.net-ке берген сұхбатында. Еске сала кетейік, қазіргі кезде Головкин әлеуетті телесеріктестерімен соңғы келіссөздерін жүргізу үстінде. GGG-дің рингке сәуір немесе мамыр айларында оралатыны күтіліп отыр, оның қарсыласы кім болатыны әзірге белгісіз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз