Данияр – дара батыр!

Елеусинов Жаңалықтар

Бокстан ұлттық құрама капитаны Данияр Елеусінов Рио олимпиадасының финалында жеңіске жетіп, ел құрамасы қоржынына алтын медаль салды.

Елеусинов

69 келі салмақта сынға түскен жерлесіміз финалда өзбек боксшысы Шахрам Гиясовпен кездесті. Қазақ боксшысы қарсыласынан айтарлықтай басым түсті. Нәтижесінде төрешілер жеңісті бірауыздан Даниярға берді.

Айта кетсек, Данияр алғашқы кездесуін ұлыбританиялық боксшы Джош Келлиге қарсы өткізіп, айқын басымдықпен жеңген болатын. Ширек финалда ол венесуэлалық Габриэль Маэстрены тізе бүктіріп, жартылай финалға жолдама алды. Финалға шығар жолда француз Сулейман Сиссокомен қолғап түйістіріп, жарақатына қарамастан жеңімпаз атанды. Биыл бокстан ерлер құрамасы алғаш рет олимпиада ойындарына толық құрамда барған еді. Нәтижелері жаман болмады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз