Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Атырау қаласының әкіміне тұрғындардан 1000-ға жуық сұрақ түсті

 Atr. kz / 12 – ақпан.   Атырау қаласының тұрғындары бір ай бойы шаһар басшысына жазбаша түрде және әлеуметтік желілер арқылы сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды, — деп хабарлайды Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

photo 40201

Облыс орталығы мен іргелес орналасқан елдімекендердің тұрғындары қойған 1000 сауалдың 100-ге жуығы Алимұхаммед Құттұмұратұлының атына жазбаша түрде түскен.

Айта кетейік, қала әкімінің есеп беру кездесуінен екі апта бұрын қаладағы қоғамдық орындарда — Сәтпаев, Баймұханов  көшелеріндегі ХҚКО, Авангард ықшам ауданындағы жұмыспен қамту орталығы, «Сарайшық» базарында арнайы хат салатын жәшіктер орнатылды.

— Кері байланыс үшін тұрғындар телефон нөмірі  мен мекен-жайын көрсетулері тиіс болды. Барлық сұрақтар өңделді, ең қызықты сауалдарды қала әкімі халыққа есеп беру кездесуінде атап өтеді,-дейді Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, 900-ден астам сауалды Алимұхаммед Құттұмұратұлы әлеуметтік желілерде, Facebook-тегі ресми парақшасында қабылдаған.

Сұрақтардың басым бөлігі жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер телімін бөлу, жол құрылысы, жаяу жүргіншілер жолы, көше жарықтандыру мәселелеріне қатысты болды.

— Әкімге сұрақ жолдаған тұрғындар есеп беру кездесуінен кейін көп кешікпей жауап алатын болады, -деп нақтылады Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы ертең Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде тұрғындар алдында есеп береді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button