Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырау көшелерінде «жылы» аялдамалар пайда болды (+ ФОТО)

  Atr. kz / 12 – ақпан.  Бүгіннен бастап қала тұрғындарына қызмет көрсете бастаған «жылы» павильондар «Дина» базары, «Теміржол» вокзалы және «Вокзалмаңы» ықшамауданындағы қарама-қарсы орналасқан аялдамаларда орналасқан.

51974129 759947747721044 4065908349277831168 n

Атырау қаласы әкімдігінің «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында таратылған ақпаратқа қарағанда, бүгінгі күнге дейін жаңа  аялдама павильонының 23 данасы сатып алынған. Оның 7-і жабық әрі коммерциялық бағытқа арналған нысан болып отыр.

51691339 759947767721042 2203675770285457408 n

«Қазіргі таңда өздерінің бизнес жобаларын үш кәсіпкер іске қосты. «Облыстық перинаталдық орталық», «Авангард» аялдамалары мен «Исатай – Махамбет» алаңындағы аялдамада гүл салоны және кофехана жұмыс істейтін болады» делінген Атырау қаласы әкімдігінің «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында. Жабық аялдаманы күтіп-баптаумен «Арнаулы автобаза» мекемесі айналысады.

Енді атыраулықтар сағат  7.00 — 21. 00 аралығында «жылы» аялдамада отырып, автобус күте алады.

Айта кетелік, Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттымұратұлы қала аялдамаларын қайта жаңғырту аясында 2019 жылы жаңа 60 аялдаманың сатып алынатындығы жөнінде хабарлаған болатын. Оның ішінде 30 аялдама облыс орталығында, 30 аялдама қала маңындағы селолық округтерде орналастырылатын болады деп күтілуде.

51715805 759947801054372 7785924380705423360 n
52489231 759947724387713 463916649049751552 n

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button