«Атыраудың» жаңа жобасы «e.gov»-тың алғашқы нөмірі оқырманға жол тартты!
Мемлекеттік қызметші – елдегі саясат пен халық игілігі үшін қабылданған бағдарламалардың, тың жобалардың орындалуына белсене атсалысатын қоғамның белді мүшесі. Оның артынан ілескен кейінгі буын да алдыңғы лекке қарап бой түзейді, үлгі алады.
Газет ішіндегі газет — «e.gov» мемлекеттік қызмет саласын ілгерілету жолындағы ашық алаңға айналады деп күтілуде.
«Қазір бұл салаға жүктелген міндет пен қойылар талап айтарлықтай өзгерді. Мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру, осы жолды таңдаған мамандардың әдептілік, кішіпейілділік секілді ізгі қасиеттерге ие болуын қадағалау, жалақы төлеудегі жаңа жүйе және тағы да басқа оң бастамалар тәуелсіз мемлекеттің экономикалық-әлеуметтік ахуалын жақсарта түсуге септігін тигізгені ақиқат. Демек, халық пен билік арасындағы «алтын көпірге» айналған мемлекеттік қызметтің біз бен сіз білмейтін сырлары әлі де көп-ақ. Оқырманға ұсынылып отырған «Атыраудың» «e.gov» қосымшасы маңызды да салмақты саланы жаңа қырынан танытып, қызықты деректермен бөліспек» дейді «e.gov» қосымшасының редакторы Айбөпе Сабырова.
Ендеше, қағазбастылықтан арылып, электронды дәуірге аяқ басқан тұста түйінді мәселенің шешімін бірге табайық, қадірлі оқырман!