ЖаңалықтарҚоғам
Атырауда «Балаларға үй қажет» атты футзалдан қайырымдылық турнирі өтеді
17 ақпан күні Атыраудағы «Мұнайшы» спорт кешенінде «Балаларға үй қажет» атты футзалдан қайырымдылық турнирі өтеді. Турнирден түскен қаржы жетім балаларға жер телімін алуға жұмсалмақ.
«Яғни, жарнадан жиналған қаржы жартылай жетім бес баланың үйлі болуы үшін жер телімін алуға жұмсалады. Компаниялар мен футбол жанкүйерлерін турнирге қатысуға шақырамыз» делінген Атырау облысы спорт басқармасының «В Контакте» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.
Ендеше, тіркелуге асығыңыздар !
Баян ЖАНҰЗАҚОВА.