Жарнама
ЖаңалықтарМәдениет

Дәулескер күйші Ермек Қазиевтің шығармашылық кеші өтті (ФОТО)

Атырауда дәулескер күйші Ермек Қазиевтің «Күмбірлеген күй ғұмыр» атты шығармашылық кеші өтті. Шара кезінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері Ермек Қазиев, сахнаға 90-жылдық тарихы бар көне домбыраны алып шықты. Өнер иесінің айтуынша, бұл Сейтек бабаның мұрасы екен.

ЕАС 060

– «Атадан мұра» демекші, күй өнерінің саңлағы домбырасын Сарыкенжеге берген, одан әкем Еселге көненің көзі ретінде сыйға қалған. Содан бері қазақтың қара домбырасы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келеді,-деді ол.

ЕАС 120

Халқымыздың күй өнерін насихаттауда Ермек Қазиевтің еңбегі орасан зор. Ұлы күйшілер Құрманғазы, Түркеш, Мәмен, Дина, Сейтектің күйлерін шебер орындаумен қатар, сол асыл мұраларымызды телеарнаға, күйтабақтар мен компакт дискілерге жаздырып, ноталарын Қ.Ахмедияров, К.Сахарбаева, А.Тоқтағанның кітаптарына енгізді.

ЕАС 048

Аталмыш кеште Батыстың дәстүрлі мектебін шебер меңгерген төкпе күйші Құрманғазының «Бұлбұл», «Сарыкөл — Самар», «Кісен ашқан», «Терісқақпай», Мүсірәлінің «Қу жетім», Орыншаның «Байжұма», Динаның «Бұлбұл», Сейтектің «Ортпа» күйлерін тартып, халықты өзінің шебер орындаушылығымен елең еткізді. Осы орайда, талант иесінің жақсы бір қасиеті — күй орындар кезде, алдымен оның шығу тарихына терең үңіледі екен. Сөйтіп, көрерменді тартылған күйлерінің тарихынан да хабардар етті.

ЕАС 117

Кеш барысында ордалы кешке Оралдан арнайы келген, ағаларын үлгі тұтып жүрген інілерінің бірі – Айбар Қайырханов, Абайдың «Көзімнің қарасы» өлеңін нақышына келтіріп шырқаса, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-при иегері Азамат Шынаровтың орындауындағы Махамбеттің «Қиыл қырғыны» тындарман жүрегіне жол тапты.

ЕАС 099

Одан әрі сахна төріне өнер иесінің замандасы, досы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әнші, термеші Қатимолла Бердіғалиев көтеріліп, бірнеше халық әндерін шырқады. Кеш соңында дарын иесі шәкіртімен бірге күй — тартыс жасап, Құрманғазының «Шалқыма» атты туындысымен аяқтады.

Гүлдана Жамбозова

Суреттерді түсірген: Ерлан Алтыбаев

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button