Жарнама
ЖаңалықтарМедицинаШаһар шырайыҚоғам

Дәрі неге уақытында жетпейді?

Фармацевтикалық қызметті  тексеру мақсатымен Атырауға келген «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Нұржан Әлібаев медицина қызметкерлерімен кездесті. Айта кетейік, аталмыш басқарма басшысы бұл мәселемен еліміздің әр өңірінде  түрлі кездесулер өткізді. Атырау облысы – жұмыс сапары барысындағы он екінші аймақ.

Дәрі неге уақытында жетпейді

Басқосуда негізінен бес мәселе қаралды. Атап айтқанда, дәрі-дәрмекпен уақытылы қамту, жеткізу сапасы, берешектер мәселесі, келесі жылға тапсырысты біліктілікпен жоспарлау.

Нұржан Нұрмағамбетұлының айтуынша, Атырау облысы өткен жылғы тапсырыстың ақысын төлемеген берешектер қатарында жоқ. Алайда, облыстың мекемелері тарапынан дәрі-дәрмекке тапсырыс беруде шалағайлық байқалып отыр.

— Қазіргі уақытта жалпы сомасы 3,42 млрд. теңгеге шарттық міндеттемелер жасалды. Ендігі мақсатымыз – тапсырыс берген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың уақытылы жетуін қамтамасыз ету.

Атырау облысы бойынша бірыңғай дистрибуция жүйесінде 47 ұйым бар. Бірыңғай дистрибьютор еліміздің мыңнан астам медициналық мекемелерін, тіпті республиканың ең шалғай бұрыштарын да   дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жыл бойына жүзеге асырады. Бұл оңай емес. Әрі, арзанға соқпайды. Әсіресе, жылдың соңында шығын көп болады. Кейде тапсырыс берушілер бір дәріні  жылдың ішінде үш рет қосымша  жеткізуді сұрайды. Сәйкесінше, біз сатып алуды қайта жариялауымыз керек. Рәсімдердің өзі аз уақыт алмайды. Заңды бұза алмаймыз. Алдын-ала өтінімдердегі дәрі-дәрмектер мен қосымша көлемдерді   тапсырыс берушінің қажетсінбей қалатын да жағдайы кездеседі. Аймақтарға дәрінің уақытылы жетпеуінің негізгі себебі де осында болып тұр, — дейді басқарма басшысы.  Осының салдарынан отандық тауар өндірушілер шығынға түседі, өтінім беруші мекемелер имиджіне нұқсан келеді.

Жиында Атырау облысының тапсырыс берушілері тарапынан жоспарлау кезінде орын алған олқылықтар да орынды айтылды.  Мәселен, облыстық перинатальдық орталық басшылығы бір жылға жоспарлаған дәрі-дәрмектің жетіспеуіне байланысты,  32,1 млн.  теңгеге қосымша өтінім берген. Тапсырыстың бұл жолымен келетін дәріге қол жеткізгенше, кемінде екі-үш ай уақыт кетеді.   Ал, дәріні күтіп отыруға науқастардың жағдайы көтермейді.

Бас жоспардың дұрыс жасалмауы қаншама науқастың уақытылы емін алуына кедергі келтіреді десеңізші?!  Міне, сондықтан да кез келген басшы жоспарлау кезінде науқастарды бірінші кезекте ойлауы керек.

Жоспар жасауда жауапсыздық танытқан Индер аудандық орталық ауруханасы да сынға ілікті. Аурухана басшылығы 5,6 млн. теңгеге келісім-шарт жасағаннан кейін,   оның тең жартысынан астамынан бас тартыпты. Сауатты жоспарлаудан, әзірге Маңғыстау облысы ғана көш бастап тұр.

Саладағы біраз мәселелерді тізбектеген «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Нұржан Әлібаев келесі жылдың қаңтар айынан бастап, амбулаторлық  деңгейде дәрімен қамтылатын тұрғындардың санын анықтап, дәрі-дәрмек тізімін жасақтауды және оны ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін өзі басшылық ететін компанияға жолдауды тапсырды.

Нұргүл  ЫСМАҒҰЛОВА.

«СҚ–Фармация» ЖШС-нің бас маманы Ботагөз Доспамбетованың айтуынша, басқармаға ағымдағы жылы Атыраудан тапсырыс бергендердің берешегі 75,3  млн. теңгені құрады. Бұл сома желтоқсан айына дейін өтелуі керек. Берешек уақытылы қайтарылмаған жағдайда, дәрі-дәрмектер межеленген уақытта жетпей, кешігуі мүмкін.

 

Нұржан  Әлібаев, «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы:

Дұрыс жоспарлай біліңіз

— Кейде тапсырыс берушілер бір дәріні  жылдың ішінде үш рет қосымша  жеткізуді сұрайды. Сәйкесінше, біз сатып алуды қайта жариялауымыз керек. Рәсімдердің өзі аз уақыт алмайды. Заңды да бұза алмаймыз.

Алдын-ала өтінімдердегі дәрі-дәрмектер мен қосымша көлемдерді  тапсырыс берушінің  қажетсінбей қалатын да жағдайы кездеседі. Аймақтарға дәрінің уақытылы жетпеуінің негізі себебі де осында болып тұр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button