ЖаңалықтарҚоғам
«Cube Day» шарасы өтті
Атырауда 31 наурызы күні түрік азаматы Джанер Оноглудың бастамасымен «Cube Day» шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Атырау облысы Ішкі саясат басқарамасының Азаматтық орталығы» КММ-нің баспасөз қызметі.
Шараның мақсаты — Атырау қаласының тұрғындары арасында рубик текшесіне деген қызығушылықты арттыру, оның қыр-сырларын үйрету, интелектуалдық ой—өрістерін дамыту, жаңа және заманауи жобалардан хабардар ету.
29 жасқа дейінгі жастардың басын қосқан шарада түрлі мастер класстар көрсетіліп, қатысушыларға тәтті тағам түрлері мен сусындар ұсынылды.
Айта кету керек, рубик текшесі логикалық басқатырғыш ойын құралы ретінде пайдаланылады. Рубик текшесінің әр жағын бір түсті қалпына келтіріп, әр түрлі түзбелерді жасау керек.
Хорлан Смадияр