
ЖаңалықтарҚоғам
#COVID19OUT: интернет желісінде ерекше челлендж пайда болды
Atr.kz/19 наурыз, 2020 жыл. Интернет желісінде ерекше челлендж пайда болды.
Атыраулық дәрігерлер бастаған челленджді журналистер қолдауда. Осылайша, челлендж арқылы мамандар қазақстандықтарды сақтық үшін үйде отыруға шақыруда.
«Мен сіз үшін жұмыста қалдым. Сіз мен үшін үйде болыңыз» делінген дәрігерлер қолға ұстап түскен суретте.
«Мен сіз үшін жұмыста қалып, бейнематериалдар дайындадым. Сіз мен үшін үйде қалып, теледидар қараңыз» делінген журналистер қолға ұстап түскен жазбада.

Осылайша дәрігерлер мен журналистер жұртшылықты өз денсаулықтарын күтуге, әлеуметтік мессенджерлердегі жалған мәліметтерге емес, тексерілген ақпараттарға сенуге үндеуде.
#BIRGEMIZ
#BIRGEMIZ_aouz_covid19
Баян ЖАНҰЗАҚОВА


