031717

Covid-19 жұқтырған науқастың еміне медициналық сақтандыру қорынан қаражат төлене ме?

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар Медицина Қоғам

Atr.kz/1 шілде, 2020 жыл. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы медициналық сақтандыру бойынша кімдер емделетінін айтты.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Covid-19 жұқтырған  науқастың еміне медициналық сақтандыру қоры төлейтін үш тариф туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

– Қазіргі уақытта міндетті медициналық сақтандыру қоры инфекциялық, провизорлық және карантиндік стационарда емделу үшін  үш тариф белгіледі. Аймақтағы  медициналық мекемелер МӘМС қорына мәліметтер ұсынады, сол бойынша  стационарлардағы емге кететін шығындар өтеледі, – деп түсіндірді Нұрлыбек Қабдықапаров.

«Atr-Ақпарат»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған