Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

COVID-19: вакцина бәріне жетпейді

Atr.kz/7 сәуір, 2020 жыл. Ғалымдар коронавирус вакцинасын жасауға енді ғана кірісті, деп мәлімдеді Сколтех профессоры, билогия ғылымдарының докторы, Принстон университетінің профессоры Георгий Базыкин.

Үш-төрт ай бұрын ғалымдар вакцинаға кандидат жасауға кірісті, бүгінгі күні сертификаттауға таласатын бірнеше технология бар.

«Үш ай – бұл идеяны ойлап табатын уақыт, бірнеше прототип жасалды. Бірақ бұл жолдың ең басы екенін түсіну керек, бұл жерден біздің мақсатымызға дейін өте алыс», — деді ғалым дүйсенбіде «Россия сегодня» ХАА халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында өткен онлайн-конференция барысында.

Ол Covid-19 вакцинасын жасау үшін кем дегенде бір жарым жыл қажет екенін түсіндірді, өйткені бұл жаңа індет.

Біріншіден, вакцина клиникалық зерттеулердің бірнеше кезеңінен өтуі керек. Бірінші кезеңге препараттың қауіпсіз екенін растайтын бірнеше ондаған сау ерікті тартылады. Екінші және үшінші кезеңдерде оның тиімділігін дәлелдеу үшін сынақ едәуір үлкен топтарда өткізіледі.

Әрі қарай қажетті өндіріс көлемін қамтамасыз ету қажет.

«Барлық клиникалық зерттеу аяқталғаннан кейін вакцинаның өндірісін ұлғайту керек. Бұл үлкен мәселе. Қазір бізде вакцинаға кандидат бар деп мәлімдеп, тестілеуге кіріскен ұйымдардың басым көпшілігі миллиондаған доза өндіруге қауқарлы емес», — дейді ғалым.

Базыкин атап өткендей, бастапқыда барлығын вакцинамен қамасыз ету қиынға соғады.

«Біздің мақсатымыз – бүкіл халықты иммунитеттендіру үшін 7 миллиард доза алу. Егер біз аз доза алып, барлық медицина қызметкеріне ғана екпе жасай алсақ, бұл да жақсы. Тіпті мұның өзі өте қиын», — деп түйіндеді ол.  

«Спутник Қазақстан»

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-2100-den-kejin-supermarketter-men-sauda-ortaly%d2%9btarynda%d2%93y-d%d3%99rihanalar-zhabylady/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button