COVID-19: симпомдары мен сақтық шаралары
Коронавирус кәдімгі тұмау тәрізді болғандықтан, оның алғашқы белгілерін көп адам байқай бермейді. Бұл санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасы өкілдерінің онлайн брифинг барысында жасаған мәлімдемесі, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау қалалық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Камзин симптомдар білінсе, бірден дабыл қағуға кеңес береді.
Егер адамда дене қызуы көтерілсе, жоғары температура болса, құрғақ қатты жөтел, бастың ауруы, кеуде тұсының ауруы, ентікпе және тыныс алудың бұзылуы, жүрек қағысының жиілеуі, пневмония, мұрынның бітуі, фарингит белгілері байқалса бірден дәрігер көмегіне жүгінгені жөн.
Covid-19-дың инкубациялық кезеңі 14 күнге дейін созылады. Дәрігерлер оқшауланған науқастарға үйден шықпауға, жабық есігі бар, жақсы желдетілетін бөлмеде жатуға, оқшауланған бөлмеден басқа жерге шыққанда маска тағып шығуға, түшкіріп немесе жөтелгенде ауыз бен мұрынды майлықпен, болмаса шынтақпен жабуды, қолды жиі дизенфекциялауды ұсынады. Үйден аса қажеттіліксіз шығуға да шектеу қойған жөн.
14 күндік карантинге жатқызылған адам телефон арқылы медқызметкерлердің бақылауында болады.