Қазақстанда қандай қалалар ауылға айналады?

33d140 Жаңалықтар

Қазір 41 шағын және 12 аудандық маңызы бар қаладағы халық саны 10 мың адамнан кем екені анықталған. Яғни, қала мәртебесіне сай келмейді. Сондықтан, алдағы уақытта бұлар ауылға айналуы да ғажап емес.

33d140

Бұл бағытта биыл экономикалық зерттеулер институты біраз жұмыстанған болатын. Осыған қатысты жолданған депутаттық сауалға үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев та өз жауабын берді.

– Шағын қалалардың мәртебесін өзгерту бойынша облыс әкімдіктерінің ұсыныстары өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның  қарауына шығарылады. Содан кейін ғана ұсыныстар келесі жылдың бірінші тоқсанында үкімет қарауына түседі.

Айта кетейік, аталған тізімді Степняк, Державинск, Ерейментау, Жем, Темір, Шар, Қарқаралы, Қазалы, Форт-Шевченко, Булаево, Сергеевка және Мамлютка қалалары құраған. Бұл қатарда  Атырау облысы жоқ. Ал, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Булаево мен Сергеевка қалаларының мәртебесін ауылдық мәртебеге өзгерту жөніндегі ұсынысты қолдап отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз