Өзгенің өмірін құтқарған атыраулық полицей өз өмірін құрбан етті (ВИДЕО)

20120419212254 БЕЙНЕЖАЗБА
https://youtu.be/8SQJTvxn_O8

Atr.kz/21 наурыз, 2019 жыл. 21 наурыз күні түнде суға кетіп өлмек болған әйелді құтқарған полиция сержанты көз жұмды. Оқиға кешкі сағат он шамасында болған.

Патрульдік полиция көлігі Атыраудың орталық көпірінен секіріп кеткен адамды көреді. Әп сәтте суға секірген қос полицей әйелді құтқармақ болады. Соңғы сәтте әлсіреген полицей суға батып кеткен. Қайғылы оқиғаға куә болғандар бірінші болып, әйелге жүзіп жеткен 25 жастағы полиция сержантының өмірінің соңғы сәтіне дейін әйелді әріптесіне тапсыруға жанталасқанын айтуда.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тінәлиевтың айтуынша, құтқарылған әйел қалалық аурухананың біріне жеткізілді.

Қазіргі таңда науқас жан сақтау бөлімінде жатыр. Өзгенің өмірі үшін өзінің жанын құрбан еткен ержүрек полицейдің суға ағып кеткен денесі түнгі сағат бір шамасында табылды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз