Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтар

COVID-19: Атырауда провизорлық орталыққа түсіп жатқан науқас жоқ (+ВИДЕО)

Atr.kz/19 тамыз, 2020 жыл. Атырау облыстық ауруханасы жанындағы провизорлық орталыққа соңғы жеті күнде коронавирус инфекциясымен науқас түспеген.

https://www.facebook.com/atyraunews/videos/731773780934297/?tn=K-R
  • «Бұл эпидемиологиялық ахуалдың жақсарып келе жатқанын көрсетеді» деп хабарлайды Атырау облыстық ​ денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.
  • «Жағдай тұрақтанғаннан бері науқастар түсімі жоқ. Қазір провизорлық орталықта 12 науқас жатыр. Оның ішінде, реанимацияда бес адам ем алуда» дейді Атырау облыстық ауруханасы жанындағы провизорлық орталығының бөлім меңгерушісі​ Дәурен Шанаев. ​

Айман Өтегенова қауіпті топ қатарында тұрған науқас. Ол қант диабетіне, астмаға шалдыққан. Созылмалы дертке коронавирус қосылған науқас бастапқыда төрт күндей үйінде жатып қалғанын айтады.

  • «Астмам күшейіп кеткен болар деген оймен өздігімнен ем қабылдадым. Бірақ, тыныс алуым ауырлап кетті. Шыны керек, қатты қорықтым. Өлім сәті келген болар деп те ойладым. Жиырма күн бойына оттегі аппаратына жатып шықтым. Қазір жағдайым жақсы» дейді Атырау қаласының тұрғыны Айман Өтегенова.

Созылмалы дертке коронав ирус инфекциясы жамалған науқас​ ауруханаға өкпенің ​ 35 пайыз қабынуымен түскен. Дәрігерлер, медициналық қызметкерлердің тәулік бойына жанынан табылып жатқанына ризашылығын білдіріп отырған Айман Өтегенова үйге шығуға дайындалуда.

  • «Атыраулықтарды үйде болуға, карантин талаптарын сақтауға шақырамын. Бұл ауру әр жұтқан ауаның қаншалықты керемет екенін түсіндірді. Өздігіңнен дем ала алмаудан өткен азап жоқ» дейді атыраулық Айман Өтегенова.

Еске сала кетелік, Атырауда инфекциялық кереуеттер саны 26 пайызға, провизорлық кереуеттер саны 32 пайызға қысқарды. Карантиндік орындар жабылды. Бүгінде Атырауда коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың 75 пайыздан астамы сауығып шықты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button