Атырауда өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімі 23 млрд теңгені құрады

screenshot 9 3 Жаңалықтар

Бүгінде мұнайлы мекеннің ауыл шаруашылығы саласы тұрақты дамып келеді. Әсіресе егін, мал шаруашылығы мен балық бойынша экспорт жобаларында өсім бар. Бұл туралы Атырау қалалық Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Руслан Давлетов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

2022 жылдың қаңтар-қараша айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылым көлемі 23 млрд 116 млн 700 мың теңгені құрады.

-Қала көлемінде өткен жылы барлығы 2 588,2 гектарға егiс егілді. Ал мал шаруашылығы саласында оң динамика қалыптасып, мал басы тұрақты өсіп, өндірілген өнім көлемі артып келеді. Былтыр 1 желтоқсанда  7 309 бас мүйізді ірі қара, 5632 бас қой мен ешкі, 3028 бас жылқы, 1964 бас түйе және 6174 бас құс тіркелген,- деді Р.Давлетов.

Оның айтуынша, мал басын 2021 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда мұйізді ірі қара 4,7%-ға, жылқы 22,1%-ға, түйе 8,6%-ға, құс 0,5%-ға көбейген.

Сондай-ақ, былтыр ауыл шаруашылығын колдау максатында 154 млн 807 мың теңге көлемінде субсидия бөлінген. Оның ішінде егін шаруашылығына 37 млн 717 мың теңге, мал шаруашылығына 50 млн 247 мың теңге және инвестициялық шығындарды өтеуге 66 млн 759 мың  теңге берілген.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз