Covid-19: Атырауда бір тәулікте 43 адамнан анықталды

2021 08 29 korkrrkr Жаңалықтар

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 43 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 22 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 7 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында – 1 адам, Исатай ауданында – 6, Қызылқоға ауданында – 2, Құрманғазы ауданында – 3, Мақат ауданында – 2 науқас анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 26 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 17 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 66 адам емделді.

Қазір 322 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 74, екінші облыстық ауруханада – 45 пациент, аудандық инфекциялық стационарларда – 35. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 51 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз