Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

COVID-19: Атырау қандай аймақта?

Өткен тәулікте  Атырауда коронавирус инфекциясынан 118 адам  емделіп шықты.

«Соңғы тәулікте облыста қауіпті індетті жұқтырған 118 науқас емделіп шықты»,- деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Қазіргі уақытта  273 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда  102 науқас,  аудандардағы инфекциялық стационарларда 41 адам ем қабылдауда.  Ал, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында қауіпті дерт жұқтырған  748  адам карантиндік оқшаулауға алынған.

Атырау облысында өткен тәулікте 85 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 18-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 54 жұмысшыдан, Жылыой -3, Қызылқоға-5,  Махамбет -3, Құрманғазы ауданында 8 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

  Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 27-інде  ауру симптомды түрде өтуде.

 Айта кетейік,  қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы «сары аймақта»  қалып отыр. 

img 20210117 wa0023

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button