
ЖаңалықтарМедицина
Covid-19: Атырау облысында 140 мың тұрғын екпе алды
Өңірде халықты Covid-19ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
29 шілде бойынша, «Спутник V», «QAZVAC», вакциналарының I компонентін 1151 жергілікті тұрғын алды.
2021 жылғы 1 ақпан мен 29 шілде аралығындағы кезеңде барлығы 140 506 адам «Спутник V», «QAZVAC» вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 93 256 жергілікті тұрғын алды.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмер бойынша алуға болады: 98 — 02 — 92.