
Жаңалықтар
«ЦОН» қосымшасында «Көлік тарихы» сервисі іске қосылды
Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасына жаңа «Көлік тарихы» сервисін қосты.
Енді қазақстандықтар көліктің VIN-кодын енгізу арқылы автокөлік туралы толық әрі сенімді ақпарат ала алады. Қызмет төмендегідей мәліметтерді қамтиды:
- көліктің тіркеу деректері;
- айыппұлдар туралы ақпарат;
- кедендік рәсімдер;
- утилизациялық алым;
- тыйымдар мен кепілдіктер.
Жаңа сервис автонарықтағы алаяқтық фактілерінің алдын алуға және көлікті сатып алу кезінде туындауы мүмкін тәуекелдерді азайтуға көмектеседі.
Қызмет құны:
- 1 тексеріс – 500 теңге;
- 10 тексеріс – 4500 теңге;
- 20 тексеріс – 8000 теңге.
Бұл цифрлық жаңашылдық көлік иелеріне ғана емес, автонарықтағы сатып алушыларға да қолайлы мүмкіндік беріп отыр.