a7674047 e10f 43a8 837d 4a533c8f34e1

Атырауда алты жасқа дейінгі балаларға жоспарлы екпе салу басталды

Жаңалықтар Медицина

Atr.kz/6 тамыз, 2020 жыл. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 тамыздан кейін жоспарлы медициналық тексеріс жалғасатын болады.

«Жасы алтыға толған балалардың денсаулығын тексеру карантин кезінде тоқтатылған еді. Өткен аптаның басында емханаларда алты жасқа дейінгі балаларға жоспарлы вакциналары қайта салына басталды.

Карантин режимі аяқталғаннан кейін 6 жастағы балаларды медициналық тексерістен өткізуді жоспарлап отырмыз. Өйткені, бұл жастағы балалар мектепке барады. Сондықтан, профилактикалық екпелерін алып, жаңа оқу жылына дайын отыруы керек», – дейді №3 Атырау қалалық емханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Клара Жасақбаева.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған