Жарнама
Жаңалықтар

Цифрлық серіктестік – кәсіби болашақ кепілі

Соңғы жылдары Атырау облысында дуальды оқыту шеңберінде шефтік тәлімгерлік жүйесі табысты дамып келеді.
Бұл колледждер мен бизнес субъектілері арасында мамандар даярлау мен өзара ынтымақтастықты қалыптастырудың тиімді тәсілі болып табылады. Мұнда әсіресе цифрлық мамандықтарға айрықша назар аударылуда.
Ресми дереккөздерінен алынған ақпараттарға қарағанда, бүгінгі таңда өңірдің шефтік қамқорлық — қолдау жүйесіне арнаулы орта білім беретін 22 оқу орны, яғни колледж қатысуда. Оның 16-сы мемлекеттік, алтауы жекеменшік нысанындағы оқу орны саналады. Бұған қоса аталған жобаға 250-ге жуық кәсіпорын (олардың санатында 40 шақты ірі компания бар) қатысып, өз үлестерін қосуда. Мұның өзі кәсіби білім беру саласы нақты сектор арасындағы сұраныстың біртіндеп жақындай түскенін аңғартса керек.
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Оңайбай Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжі — бүгінде шефтік қамқорлығына алған кәсіпорындармен белсенді жұмыс жүргізіп келе жатқан оқу орындарының бірі. Ал «Ақ Желкен Групп» және «SOFTCom» компаниялары оның сенімді серіктестері болып табылады. Оның үстіне, бұл кескіндемелік және жарнамалық дизайн саласында студенттерге көмегін көрсеткен тұңғыш компания болып есептеледі.
Осылайша, болашақ мамандар нақты жобаларға қызығушылық танытып, қазіргі заманғы Adobe Creative Suite, CorelDRAW и Figma бағдарламаларымен тәжірибе жинақтау мүмкіндігін иеленеді. Сонымен бірге кәсіпорын оқу бағдарламаларын жаңартып, зертханаларды техникалық қайта жарақтандыруға және оқытушылар үшін шеберлік сыныптарын ұйымдастыруға атсалысады.
Колледждің келесі серіктесі – «SOFTCom» компаниясы IT бағытында дәріс алатын студенттердің сандық тәжірибеден өтуін қамтамасыз етеді. Жастар сол арқылы веб-сайттарды, мобильді қосымшалар мен мәліметтер базасын жасақтауды үйренеді. Айта кету керек, компанияның бастамасымен оқыту жоспарына бағдарламалау, киберқауіпсіздік, бұлттық технологиялар мен қатты Agile әдістемесі енгізілген.
Сондай-ақ шептік кәсіпорын колледждің сандық инфрақұрылымын дамытуға көмек көрсетіп келеді. Нәтижесінде Wi-Fi желісі тұрақты іске қосылып, Google Workspace сервистері, LMS, ERP, СКУД, т.б. қашықтықтан оқыту жүйелерін қолданыла бастады.
Бұдан басқа, компания студенттердің сандық технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын дамыта және ынталандыра отырып, компания хакатондар мен стартап-жобаларды ұйымдастыруға да ынталылық танытуда. Жоғарыда келтірілген осындай мысалдардың өзінен-ақ, кәсіптік білім беретін оқу орындары мен бизнес құрылымдарының арасындағы сауатты іскерлік байланыс — цифрлық экономика жағдайында қызмет атқаруға қабілетті жастарды — болашақтың мамандарын даярлауға кепілдік беретін бірден бір дұрыс жол екенін аңғарамыз. Сайып келгенде, әңгіме арқауына айналып отырған шептік тәлімгерлік — уақыт ілгерілеген сайын қолдау ғана емес, оған қоса сенімді болашақты қалыптастыруға бағытталған сенімді салым екені кәміл.
Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button