Ең төменгі жалақыны өсіру жөніндегі Елбасы тапсырмасы қалай орындалуда? (+ФОТО)

FB IMG 1547916998266 1 Жаңалықтар

Атырауда кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктерінің аймақтық отырысы өтті.

FB_IMG_1547916996143

Облыс әкімдігінде батыс өңірінің 5 кәсіподақ ұйымының өткен жылғы жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Кездесуге Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, ҚХР Төрағасы Бақытжан Әбдірайым, сондай-ақ салалық кәсіподақтардың және әлеуметтік серіктестердің өкілдері қатысты.

FB_IMG_1547916998266Қатысушылар Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының аумақтық кәсіподақ орталықтары жетістіктерімен танысты.

Отырыс барысында Елбасының Жолдауын іске асыру, табыстарды ұлғайту және сыйақы жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.
– Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында еңбек саласындағы басты әлеуметтік көрсеткіштің параметірін өзгерту – ең төменгі жалақыны өсіру туралы бұйрық берілді. Сонымен қатар, Президент жұмыс берушілерді осы өзгерістерді қолдауға шақырды және төмен ақы төленетін жұмысшылардың жалақысын көтеру шараларын қабылдау керек екенін атап өтті. Жалақы жүйесін реттейтін ұжымдық келісімдерге қол қою және сақтау және еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау, соның ішінде қызметкерлердің жаппай босатылуына жол бермеу және олардың еңбек шартын еңбек келісім-шартын жасамай пайдалану – барлық жұмыс берушілер алдында тұрған міндеттері болып табылады,- дейді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

FB_IMG_1547916993655
Кездесу соңында мұнай саласындағы қауіпсіздікті және еңбекті қорғау саласындағы жұмыстың айтарлықтай нәтижесі атап өтілді.
Айта кетейік, 2017 жылмен салыстырғанда облыста өндірістік жарақаттану деңгейі 65% -ға, өлім-жітім көрсеткіші 50% -ға төмендеді. Егер 2017 жылы кәсіпорындарда 79 қызметкер жарақат алған болса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 35 адамды құрады. Қайтыс болу фактілері бойынша, 2017 жылы 12 адамнан қайтыс болғандар саны 2018 жылы 6-ға дейін төмендеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз