Жарнама
Жаңалықтар

Цифрлық көмек: тиімділік пен жеделдік

Атырау облысында әлеуметтік қолдауды цифрландыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы орайда, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Жобалық кеңсенің үйлестіруімен Мақат ауданында ауқымды оқу семинары ұйымдастырылған болатын. Семинар цифрлық шешімдерді енгізу арқылы әлеуметтік көмек көрсетудің тиімділігін арттыруды көздейді.

Семинар отбасын қолдау орталығында өтіп, оған аудан әкімінің орынбасары Әсел Қаржауова төрағалық етті. Жиынға білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ішкі істер, мәдениет және спорт салаларының мамандары қатысты.

Іс-шара барысында арнайы келген салалық мамандар қатысушыларға FSM Social мобильдік қосымшасы мен Socium платформасының мүмкіндіктерін таныстырып, аталған жүйелерде жұмыс істеу тәртібін егжей-тегжейлі түсіндірді. Бұл заманауи цифрлық құралдар қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға жылдам әрі кешенді көмек көрсетуге бағытталған.

Семинар барысында қатысушылар жаңа платформалар бойынша өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Бұл – Атырау облысында цифрландыру арқылы әлеуметтік саладағы қызмет сапасын жаңа деңгейге көтерудің жарқын мысалы.

Цифрлық технологияларды енгізу – уақыт талабы. Бұл тек қызмет көрсету сапасын арттырып қана қоймай, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға да ықпал етеді. Аталған бастама – Мемлекет басшысының халыққа жақын және ашық әкімдік қағидатын жүзеге асырудағы нақты қадамдарының бірі.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button