Кәріз тазартуға арналған жаңа қондырғы Атыраудың ауасын жақсарта ма? (+ФОТО)

whatsapp image 2019 10 27 at 11.02.14 Жаңалықтар

Atr.kz/28 қазан, 2019 жыл. Атырау өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Атырау қаласының сол жақ жағалауында кәріз тазарту жүйесінің құрылысы барысын бір шолып қайтты. 

Атырау қаласының сол жақ жағалауында орналасқан бөлігіне арналған кәріз тазарту қондырғылары кешенінің құрылысы 2017 жылы басталды. Қазіргі уақытта негізгі құрылыс- монтаждау жұмыстары аяқтала келді. Келесі жылы аталмыш кешен өз қызметін толыққанды бастауы тиіс. 

Өңір басшысы аталмыш жобаның ерекшелігіне тоқтала келіп, аймақтың экологиялық қауіпсіздігіне маңызды екенін де атап өтті.
Кешен құрамында негізгі кәріз айдау стансасы, тазаланбаған ағын сулардың қондырғысы, кәріз тазарту қондырғыларының алаңы, тазаланған ағындардың коллекторы, биологиялық көлдер мен булану алаңдары бар. Тазартудың бұндай тәсілі Қазақстанның тек қана бірнеше қаласында ғана пайдаланылады. Жаңа кешен пайдалануға тапсырылған соң, «Сасықсайдағы» булану алаңдары жойылады. 

whatsapp image 2019 10 27 at 11.02.13 1
whatsapp image 2019 10 27 at 11.02.12

Жаңа кешенді пайдалануға тапсырған соң ғана мүмкін болатын ағынды суларды тазалаудың жаңа түрі ең алдымен, экология үшін аса маңызды. Тазаланған су  көздері, жер қабаттары мен жерасты суларының ластануына жол бермейді. Тағы бір ескерер жайт, ластанған су айналадағы экологиялық жүйеге кері әсерін молынан тигізеді. 

Жаңа тазалау қондырғылары жұмыс барысының тиімділігін арттырады. Өйткені, тазаланған ағынды суларды шаруашылық мақсаттар үшін қайтадан пайдалануға болады. 
Қазірден-ақ, мамандары осы нысанға келіп, іске кірісуі керек «Атырау Су Арнасы» КМК өкіліне облыс әкімі тосын бір ұсыныстар жасады. 

whatsapp image 2019 10 27 at 11.02.13 2
whatsapp image 2019 10 27 at 11.02.13

– Осы нысанды кейін сіздің мекеме өз құзыретіне алады. Мамандарыңыз қазірден-ақ аталмыш кешенде жұмыс жасай алуы үшін, қондырғының қыр-сырымен таныса беруі керек. Олар нысан пайдалануға тапсырылғанша қызметті бастап кететін дәрежеде болуы керек. Маусыммен қызмет жасауы үшін мұнда кем дегенде 20 шақты мамандарыңызды жіберулеріңіз керек, – деді Нұрлан Ноғаев.

– Жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп келеді, нысанды межелі уақытында тапсыруымыз керек. Биылғы наурызда облыс әкімі нысанға келген кезінде атап өткеніндей, аталмыш жобаны жүзеге асыру қала маңындағы көптеген проблеманы шешуге, әсіресе, экологиялық ахуалды жақсартуға болады екен. Кейін кәріз тазарту кешенінің жүйесіне жеке сектордағы үйлерді қосу да жоспарланып отыр. 

Атап өтуіміз керек, қазіргі қолданып жүрген кәріз тазарту жүйесі сонау 1978 жылы салынған болатын. Сол уақыттан бері бұл жүйеге жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.  Ағынды сулар, булану алаңдарына жіберілер алдында тиісті тазартудан өткізілмеген. Жаңа жүйе іске қосылған сәттен бастап, кәріз жүйелерінің экологияға теріс ықпал етуі мүлдем тоқтатылады.

whatsapp image 2019 10 27 at 11.02.14 2
whatsapp image 2019 10 27 at 11.02.14 1
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз