Жарнама
Жаңалықтар

ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҢДАУ ЖАСАДЫ

Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.

Бүгін Құлсары қаласындағы «Кең Жылыой» мәдениет үйінде орналасқан №94 сайлау учаскесіне аудан әкімі Жұмабек Қаражанов келіп, ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.

Айта кетейік, Жылыой ауданында 24 дауыс беру учаскесі жұмыс жасап тұр. Сайлау комиссияларының құрамына 208 адам тартылған. Аудан бойынша сайлаушылар саны 56598 адамды құрайды. Сондай-ақ, Теңіз кенішінде 18 мыңға жуық жергілікті және өзге өңірлердің азаматы белсенді қатысуда. Оларға 15 жылжымалы пункт қызмет көрсетіп жатыр. Сайлау учаскелері өз жұмысын таңғы 7-ден бастап, сағат 20:00-де аяқтайды. Жылыой ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button