Жарнама
ЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯҚоғам

Чернобыльшілер бас қосты (+ФОТО)

Atr.kz/29 қазан, 2020 жыл. Биыл Чернобыль атом электр станциясында апат болғанына 35 жыл толды. Кеше ғасыр апаты зардаптарын ауыздықтауға қатысқан атыраулықтар Құрманғазы мәдениет үйінде бас қосты.

Иә, мыңдаған адамның өмірін қиған Чернобыль қасіреті тарих тақтасында ғасырлық зұлматтардың бірі болып жазылды. Төтеден келген тажал сол төңіректегі тіршілік иелеріне қауіп төндіріп, мыңдаған адам жарылыс орнын залалсыздандыру мақсатында көзге көрінбес ажалмен тайталасқа түсті. Сол кезде өз жанын шүберекке түйіп, апат ошағы зардаптарын ауыздықтағандардың қатарында  жерлестеріміз да болды.  

Жиылыс барысында облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығы, полковник Омар Бержанов апат кезінде жанқиярлық қимыл көрсеткен Рысбай Ахметов, Петр Бакиров, Мақсұт Бекбергенов, Серік Мырзағалиев, Қапизолла Мусин, Серік Сүлейменов, Хасан Қарамановтарға  «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төс белгісін табыстады. Сондай-ақ, алқа отырысында өзекті мәселелер талқыланып, бірқатар ұсыныстар айтылды. Осымен қоса,  көпшілікке чернобыльшілерге арналған ескерткіштің жобалық сұлбасы таныстырылды.

Мұратбек Төлегенұлы

20201028 142302
20201028 142408
20201028 142900
20201028 142350

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button