Жарнама
Жаңалықтар

БЮДЖЕТ ОЙДАҒЫДАЙ ОРЫНДАЛДЫ

Сессияның күн тәртібінде белгіленгеніндей, бірінші болып «Атырау қаласының 2014 жылғы бюджетінің орындалуы туралы» мәселе қаралды. Бұл жайында қалалық қаржы бөлімінің басшысы Мұрат Айтжанов баяндады.

Баяндамада айтылғанындай, өткен жылы қалалық  бюджеттің кірістері жоспарланған 71 млрд. 237 млн.теңгенің орнына 71 млрд. 830 млн.теңгені құрап, 100,8 пайызға орындалған. Сөйтіп, бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 126 пайызға артқан. Ол негізінен ірі компаниялардың салықтық түсімдерінің есебінен құралып отыр. Соның ішінде, салық түсімдері 58 млрд. 729 млн. теңгені, салықтан тыс түсімдер 529 млн.теңгені құрап, жоспардың 100,9-104,0 пайызға орындалуы қамтамасыз етілген.

Сессияда, сондай-ақ, «Атырау қалалық әкімдігі жанындағы жастар саясаты мәселелері жөніндегі консультативтік кеңестің қызметі туралы» және басқа да бірқатар маңызды әлеуметтік мәселелер қаралып, халық қалаулыларының талқысына түсті. Олардың барлығы да жан-жақты сараланып, тиісінше шешімдер қабылданды.

Дәулетқали АРУЕВ. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button