ЖаңалықтарҚоғамҚұқық
Былтыр Атырауда браконьерлік бойынша 1500-ге жуық адамның үстінен іс қозғалған
Atr.kz/19 ақпан, 2020 жыл. Аймақ басшысы балық шаруашылығы бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов есепті жиын барысында осы мәселеге ерекше назар аударуды атап айтты.
Өңірде балық аулауға бөлінген квотаның 84,7 пайызы орындалған. Биыл осы межені 95 пайызға жеткізу көзделіп отыр.
Былтыр браконьерлік бойынша 1500-ге жуық адамның үстінен әкімшілік және қылмыстық іс қозғалып, қылмыскерлер жауапкершілікке тартылған.
Сондықтан, облыс бойынша браконьерлікке қарсы күрес жұмыстарын әлі де күшейтуге тапсырма берілді.
Айбөпе САБЫРОВА