ЖаңалықтарЭкономика
Былтыр Атырау облысында 1,8 трлн. теңге салықтар мен төлемдер түскен
Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
«2020 жылы мемлекеттік бюджетке, Ұлттық қормен бірге 1,8 трлн. теңге салықтар мен төлемдер түсті», — деді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстарға қатысты халық алдында онлайн есеп беру барысында.
Атап өту керек, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн форматта есеп беруде. Әкім есебі «Каспиан ньюс», «Атырау» каналдарында тікелей эфирде, atyrau.gov.kz сайты және әкімдіктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында көрсетілуде.