Жарнама
Жаңалықтар

Былтыр әскерге шақыру кезінде 33 мың бозбалаға іздеу жарияланған

Былтыр күзгі әскерге шақыру кезеңінде 33 мың азамат іздеуде болды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің аға офицері Руслан Тапашев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтар түрлі себептер бойынша, әсіресе жұмыс бабымен өздерінің тұрғылықты жері бойынша әскери есептен шықпай кетіп жатады. Осыған байланысты былтырғы күзгі әскерге шақыру кезінде шамамен 33 мың азамат іздеуде болды. Бұлардың көбі — осындай себеппен мекенжайын ауыстырып отырған азаматтар», — деді ол.

Сонымен қатар, Руслан Тапашев қазір әскерге шақырылатын азаматтар арасында неврологиялық, ішкі ағза мен көз аурулары жиі кездесетінін атап өтті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button