Бұрынғы атыраулық мектеп директоры «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» жаңа басқарма төрайымы болды
Atr.kz/8 сәуір, 2019 жыл. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесінің шешімімен Светлана Испусинова Басқарма төрайымы болып тағайындалды.
Светлана Бағытқызы Испусинова Зияткерлік мектептер жүйесінде 2009 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол адами ресурстарды басқару департаментінің директоры, атқарушы директор лауазымдарында істеп, 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап — Басқарма төрайымының орынбасары қызметін атқарып келеді. Ол барлық кәсіби біліктілігін білім беру жүйесіне арналған. 1978 жылы Гурьев педагогикалық университетін «тарих және қоғамтану» пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Тарих, мемлекет негізі мен құқығы пәндерінің мұғалімі, сыныптан және мектептен тыс іс-шараларды ұйымдастырушы, Атырау және Тараз қалаларында мектеп директоры қызметтерін атқарған. 1999 — 2002 жылдары Атырау облысы білім басқармасының басшысы, 2003 -2007 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінде бөлім басшысы, Мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры, 2007 — 2008 жылдары «СИТ» АҚ Инновациялық технологиялар департаментінің директоры, «Kazsatnet» АҚ Пайдалану департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
«Қазақстан Республикасы білім саласының үздігі» және «Қазақстан Республикасы білім берудің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конститутциясына 20 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.
Дереккөз: «nis.edu.kz»