Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Бұрынғы 63 мың теңгенің жәрдемақысы енді 103 мыңға өседі

Atr.kz/3 сәуір, 2019 жыл. Ауылда тұратын көпбалалы отбасылар өз ісін бастауға грант және шағын несие алады.

«Бұл көмекті көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасылар алады, отбасының табысы жан басына шаққанда күн көріс деңгейінің 70 пайызынан, яғни 21 172 теңгеден төмен болуы керек. Ол тек көпбалалы ғана емес, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға да қатысты», — дейді Алматы қаласы Алатау ауданы Әлеуметтік әл-ауқат бөлімінің басшысы Ләйлә Оразбаева.

Басқарма мамандары 4 баласы бар ананы мысал ретінде келтіріп, түсіндіріп жатыр. Бұған дейін мұндай отбасы атаулы әлеуметтік көмекті 63 мың теңге көлемінде алса, ал сәуірден бастап оның мөлшері 103 мың теңгеден асады, деп жазды «Алматы» арнасы.

Жәрдемақыдан бөлек, ауылда тұратын көпбалалы отбасылар өз ісін бастау үшін грант және шағын несиеге үміткер бола алады. Оның көлемі 500 мыңнан 20 миллион теңгеге дейін жетеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button