Жарнама
Жаңалықтар

Бурабай курорттық аймағы адам танымастай өзгереді

Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде туристік саланы дамыту және цифрландыру жөніндегі шаралар қаралды.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Бурабай курорттық аймағында ауқымды абаттандыру күтіліп отырғанын айтты.

Оның айтуынша, туристік инфрақұрылымды дамыту аясында курорттық аймақта 8 қарау алаңы салынады,14 туристік бағыт, Щучье көліндегі қоғамдық жағажай абаттандырылады.

«Щучинск қаласында дендрологиялық паркті реконструкциялау басталады. Көпсалалы конгресс орталығы маңызды туристік объектілердің біріне және Бурабай курортының визит карточкасына айналуы тиіс», — деп атап өтті өңір әкімі. 

Ол бүгінде жер телімі анықталып, жобаны әзірлеу жұмыстары басталғанын, күзге дейін дайын болатынын айтты. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button