Бұқаралық спорт кеңінен дамуда

1563430625 img top Жаңалықтар

Atr.kz/2 қыркүйек, 2019 жыл. Мемлекет басшысының көптеген ірілі мәселелермен бірге бұқаралық спортты дамытуды да ұмытпай, оны өрістету үшін  кешенді бағдарлама қабылдау керектігі туралы айтқаны көңілімізді қуантып тастады.

Иә, расымен де бүгінгі күні қай-қай облыстың да тұрғындарының  бұқаралық спортқа деген ынта-жігері жоғары. Спортпен шұғылдануға ниет білдірген жандардың қатары жылдан-жылға артып отыр. Осыған сай жергілікті орындарда бұқара халықтың басын қосатын жаппай жүгіру марафоны, веложарыс, кросфит, көше бойларындағы жаттығу қондырғыларындағы спорттық сайыстар тәрізді бәсекелер көптеп ұйымдастырылып жүр. Бұл жарыстарға жергілікті тұрғындармен қатар қала қонақтары да қатысады.  Осы сайыстардан байқап жүргеніміздей, бұқаралық шаралардың әрқайсысында тәрбиелік мән мен саламатты өмір салтын ұстануға  тигізер пайда өте көп.

Сонымен қатар, бұқаралық спортты дамыту мақсатында жалпы білім беретін мектептер мен жоғарғы оқу орындарындағы спортпен шұғылдануға да көп ден қою керек деп ойлаймын. Ол  үшін Президентіміз айтқандай, оқу орындарындағы спорттық инфрақұрылымның балалар үшін барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Осылайша, балаларды оқу орыны қабырғасынан бастап спортқа бейімдесек, жастайынан спортпен сусындаған балалар өсе келе көп ішінен топ жарып, еліміздің абыройын асқақтатары хақ.

Сәдіржан ЖЕКЕНОВ,

Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының директоры

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз