ЖаңалықтарМедицина
«Бұл – сұмдық!..»
Atr.kz/4 қазан, 2019 жыл. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы дәрігерлерді айыптаулар туралы осылай деді.
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігерін айыптауларға қатысты пікір білдірді.
— Қазір тергеу жүріп жатқандықтан бұл жағдайға қатысты пікір айта алмаймын. Бірақ дәрігерлерге қатысты айыптаулар мені жаман күйге түсірді. Құқық қорғау органдары бұл жағдайды жан-жақты тексереді деген ойдамын,-деді Аймұрзиева.
Еске салсақ, кеше Атырау облыстық перинаталдық орталығы басшысының ҚР ҚК 99 бабы бойынша күдікті ретінде тұтқындалғаны туралы ақпарат жарияланған болатын.