Бүгін қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін

pogodppp Жаңалықтар

4 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) жаууы мүмкін.

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. Синоптиктердің болжамы бойынша, республиканың басым бөлігіне циклон және атмосфералық фронттар ықпал етеді. Соның әсерінен жаңбыр, қар жауып, елдің солтүстігі мен шығысында көктайғақ, бұрқасын болады.

Тек республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Еліміз бойынша, тұман түсіп, жел күшейеді.

Фото: Pixabay.com сайтынан

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз