Атырау облысы жедел жәрдем көлігімен 100 пайыз қамтамасыз етілді

img 20201110 wa0077 COVID-19: Соңғы поштадан...

«Бүгін Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов  облыстық медициналық жедел жәрдем станциясына жаңадан келген 18 жедел жәрдем көлігінің кілтін салтанатты жағдайда табыстады» деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Әлемдік COVID-19 пандемиясы ұлттың саулығын сақтаудың маңызын арттыра түсті. Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өңірдің денсаулық саласы тағы 18 медициналық жедел-жәрдем көлігімен толығып отыр.

Заманауи автокөліктер науқасқа алғашқы көмек көрсетуге арналған  қажетті құралмен-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Медициналық жедел жәрдем көліктері «ҚДБ-Лизинг» есебінен алынды. 

img 20201110 wa0075

Көліктердің 8-і аудандық емдеу мекемелеріне жіберіледі, қалған 10 автокөлік Атырау қаласы тұрғындарының жедел жәрдем шақыртуларына бөлінеді деп жоспарлануда.   

Қазіргі уақытта облыста барлығы 93 жедел жәрдем медициналық көлігі бар. Оның 46-сы биылғы жылы келіп отыр. 

Бүгінгі күні Атыраудың жедел жәрдем станциясы 100 пайызға автокөліктермен толықты. Ал, станциядағы жедел жәрдем көліктерінің 70 пайызы жаңарған. Айта кетейік, ескі деген медициналық көліктер осыдан 2-3 жыл бұрын келген.

  Келесі жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен  қосымша 60 санитарлық автокөлікпен жабдықтау жоспарлануда.

img 20201110 wa0078
img 20201110 wa0074
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз