ЖаңалықтарСаясат
Бүгін Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Дүйсешұлы тікелей желіде есеп береді
Atr.kz/21-ақпан, 2019 жыл. Бүгін 21-ші ақпан күні Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Көшқалиев Қайролла Дүйсешұлы әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы есеп береді.
Сағат 17:00-ге жоспарланып отырған эфирде дін саласына қатысты толғандырған мәселелерге байланысты сауал жолдай аласыздар.
Еске сала кетелік, Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдың ақпан айынан бастап мемлекеттік органдардың басшылары Атырау облысы әкімдігінің Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде есеп беруде.
Толығырақ:
Facebook https://www.facebook.com/AkimatAtyrau
Instagram : @akimat_atyrau
Баян ЖАНҰЗАҚОВА.