
Жаңалықтар"ATYRAÝ"-ға 100 жыл!
Бүгін “Атырау” газетіне жазылғандар арасында ұтыс ойыны өтеді (+ВИДЕО)
Санаулы сағаттардан соң “Атырау” газетіне бір жылға жазылушылар арасында ұтыс ойыны басталады, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.
Ұтыс ойынының жеңімпаздары кешкі сағат 21.00- де atyrau.gazeti инстаграм парақшасында тікелей эфирде анықталатын болады.
Айта кетейік, ұтыстың басты жүлдесі — IPHONE 15. Сондай-ақ, стильді шаш үлгілеріне арналған сертификаттар, «АТЫРАУ» шипажайына 2 жолдама және басқа да тұрмыстық техникалар бар.
Ұтыс ойынына қатысудың бір шарты ғана болды- ол “Атырау” газетіне 12 айға жазылу. Газетке жазылғандар автоматты түрде ойын қатысушысы атанды.